Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш.
  2. КҚ мәліметтерініңнысаны.
  3. КҚ жарғысының, стандарттарының және КҚ қағидаларының көшірмесі.
  4. Кәсіптік қауымдастықтың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кемінде (бес) субъектісінің жұмыс істеп тұрған мүшелерінің тізімі.
  5. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуге тартылған комиссия мүшелерінің тізімі және санитариялық-эпидемиологиялық аудит қызметі бойынша кемінде үш жұмыс тәжірибесін растайтын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың көшірмелері.
  6. Комиссия мүшелерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары біліктілік санаттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
  7. Соңғы 3 жылда біліктілікті арттыру бойынша оқуды растайтын комиссия мүшелері құжаттарының көшірмелері.
  8. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу кезеңіне арналған жұмыс жоспары (аккредиттеу мәселелері бойынша оқытудан өту, конференцияларға қатысу, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы).

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілмей кезек тәртібімен көрсетіледі.

Қызмет нәтижесі

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.
  2. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
  3. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  4. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.

Көру саны:71

Толық аты

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

20 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті