Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінішіңізді өңдеу туралы хабарламаны оқыңыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтырудың толық болмауы;
3) кепiлдi тiркеу туралы тиiстi емес тұлғаның өтiнiшпен жүгінуі;
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:100
