Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін https://kezekte.kz/ сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).

  2. Өтінімді https://kezekte.kz/ сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://balyqshy.kezekte.kz/kz/balyqshy/info.

Жұмыс кестесі

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Бірінші кезеңде: инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі туралы хабарлама.
Екінші кезеңде: субсидиялау шартын жасасу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:115

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Бірінші кезеңде 2 жұмыс күні
Екінші кезеңде 20 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы