Қайтыс болу туралы куәлікке қайта алуға өтініш

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

  5. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.

  6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

  7. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ куәлік телнұсқасын алу үшін бару. Өзімен бірге шығарылған хабарлама және жеке басты куәландыратын құжат болу қажет.

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

  5. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.

  6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

  7. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ куәлік телнұсқасын алу үшін бару. Өзімен бірге шығарылған хабарлама және жеке басты куәландыратын құжат болу қажет.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтамаларды қайта алу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз нұсқада, электрондық түрде, портал арқылы өтініш беру кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту жолданады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

Көру саны:7329

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар қайта алу – 3 жұмыс күні.

АХАЖ АЖ-да акті жазбасы болмаған жағдайда қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыға күнтізбелік 3 күн ішінде хабарлай отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы