Жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты жүйеде түзету

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

2. Өтінімде көрсетілген барлық міндетті жолдарды толтыру.

3. Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу

Құқықты белгілейтін құжаттардың тізілімі:

- Сату-сатып алу шарты;

- Сыйға беру шарты;

- Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;

- Жекешелендіру туралы шарт;

- Пайдалануға қабылдау актісі;

- Жер учаскесіне акті;

- Заңдастыру туралы шешім;

- Сот шешімі;

- Бұзу шарты;

- Қабылдау және беру актісі;

- Цессия шарты;

- Жалға алу шарты;

- Беру шарты;

- Өсиетхат бойынша мұраға құқық туралы куәлік;

- Тіркеу кәлігі;

- Кепіл шарты;

-Қосымша келісім (сот және банктік).

4. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектісінің қате мәліметтерін түзету туралы хабарлама, немесе жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіруден (түзетуден) дәлелді бас тарту туралы хабарлама.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:1669

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

1 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы