Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
2. «Электронды үкімет» веб-порталында өтініш толтыру.
3. Жалпы үлестік және жалпы біріккен меншік кезінде 3 күнтізбелік күн ішінде басқа иелердің, жарының электронды келісімін алу.
4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе "Сбербанк" АҚ ЕБ дербес шоты арқылы).
- Төлем картасының/дербес шоттың барлық мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
- Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.
- Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды.
5. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
7. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан қағазды алу.
Қызмет жылжымайтын мүлік тіркелген жерде көрсетіледі, сондай-ақ қызметті алушы 18 жастан асқан болуы тиіс.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы
Жиі қойылатын сұрақтар
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:1279
