"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"

Категорияларға қайту

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 2026 жылғы 5-қаңтар мен 9-ақпан арасында жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті Портал арқылы немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қабылдау комиссиясына тапсыруға болады.

Құжат қабылдау:

1) Портал арқылы тапсыру 5-қаңтар сағат 09:00-ден бастап тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;

2) Қағаз тасымалдағышта тапсыру демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.

Орта білім беру ұйымдарының 7-9 сыныптарында оқитын үміткерлерге Зияткерлік мектептің осы сыныптарында қайта оқу үшін үміттенуге құқығы жоқ. Өзекті өтініш болған жағдайда немесе үміткердің рұқсат қағазы болғанда заңды өкілдер Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін қайта өтініш тапсыра алмайды.

 

Конкурсқа орта білім беру мекемелерінде 6 сыныпта білім алатын, Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында білім алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға жіберіледі.  

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет):
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталға тіркеу үшін қажетті құжаттар

  1. Құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесі;
  2. Үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
  • алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түрлі-түсті фотосурет;
  • көздер ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
  • бет әлпет фотосуреттің жалпы ауданының 70–85% құруы;
  • өлшемі 1 МБ аспайтын JPEG форматта 3×4 графикалық файл;
  • өлшемі кемінде 450×600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi).

Рұқсат етілмейді:

  • бас киіммен және көзілдірікпен фотосурет;
  • компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған бейнелерді пайдалануға.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Конкурсқа қатысу үшін үміткердің рұқсат қағазы немесе дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:342

Толық аты

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қарастыру мерзімі 1 жұмыс күнді құрайды

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы