Транзиттік декларация
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
- «Кеден" Ұлттық интеграцияланған платформаның сайтына өту.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жөнелтуші кеден органы мына:
1) транзиттік декларация транзиттік декларацияны тіркеуге құқығы жоқ кеден органына берілген;
2) транзиттік декларация уәкілеттік берілмеген адамға берілген;
3) транзиттік декларацияда «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 178-бабында көзделген қажетті мәліметтер көрсетілмеген;
4) транзиттік декларацияға қол қойылмаған не тиісінше куәландырылмаған немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаған;
5) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаған жағдайларда транзиттік декларацияны тіркеуден бас тартады;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
7) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:944
