Заңды тұлғаның жылжымайтын мүлiкінiң болмауы (болуы) туралы ақпарат

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

2. Мобильдік қосымшасы арқылы

  1. Мобильді қосымшада бір реттік пароль* немесе ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.

  2. Қажетті қызметті таңдаңыз, қажет болса сұрау салу орнын толтырып, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.

  3. Сұрау салуға ЭЦҚ немесе Бір реттік пароль** арқылы қол қойыңыз.

  4. Қызмет көрсету нәтижесімен "Қызметтер каталогы" бөліміндегі "Тапсырыстар тарихында" немесе "Хабарламалар" бөлімінде танысуға болады.

* - мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеу болу тиіс

** - бір реттік пароль арқылы қол қою мүмкіндігі қызмет түріне байланысты

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы тиісті ақпарат.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқ

Көру саны:4577

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 минут ішінде көрсетіледі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Цифрлық үкімет» порталы