Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Лицензия алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
  3. Өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса.
  4. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, қоймаға жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын, "Геологиялық есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша геологиялық есеп.
  5. Өнімнің атауы, техникалық өндіріс немесе ол түзілетін процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің құрамы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі көрсетілген зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы.
  6. Кодекстің 257-бабының 2-тармағында көзделген сараптамаларды және келісуді қоса бере отырып, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы мен тарату жоспары.

Лицензияны қайта ресімдеу:

  1. Лицензияны қайта ресімдеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы беретін жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензияны қайта ресімдеуге өтініш (портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған) бойынша жүргізіледі.
  2. Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
  3. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Астана қаласы уақыты бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қызмет нәтижесі

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар Кодекстің 251-бабында және 252-бабының 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) Өтінішке Кодекстің 251-бабында және 252-бабының 1-тармағында талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;
3) Сұратылған жер қойнауы учаскесі Кодекстің 19-бабы 3-тармағының және 250-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
4) Лицензия беру ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді;
5) Өтінішке қоса берілетін геологиялық есеп сараптамасының қорытындысына сәйкес, өзінің геологиялық және (немесе) геотехникалық сипаттамалары бойынша сұратылған жер қойнауы учаскесі өтініште көрсетілген мақсаттарда жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жарамсыз екендігі анықталса;
6) Өтініш беруші жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын және тарату жоспарын сараптаудың және келісудің талап етілетін оң қорытындыларын табыс ету мерзімін сақтамаған кезде.

Көру саны:1044

Толық аты

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

400 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия – 5 жұмыс күні
Қайта ресімдеу –7 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Геология комитеті