Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

Некені тіркеуге өтініш берушіге:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

  2. Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.

  3. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет.

  4. Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Некені тіркеуді растаушыға:

  1. Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.

  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.

  4. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

Порталдың жұмыс кестесі:

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жас.

Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.

Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтініш берілген жағдайда:

  1. Бір жыныстағы адамдар.
  2. Ең болмағанда біреуі басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрса.
  3. Жақын туыстары арасында.
  4. Бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар, бала асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасында.
  5. Заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар.
  6. Өкіл арқылы.
  7. Көрінеу жалған мәліметтер беру фактісі анықталған жағдайда.
  8. Егер тіркеуші органның неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың болуын растайтын дәлелдемелері болса).
  9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
  10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

Көру саны:16012

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Құны Бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.

Қызмет көрсету уақыты

Өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Некеге отыратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған дәлелді себептер болған кезде - 15 күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзімді ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде.

Ерекше мән-жайлар болған кезде некеге отыратын адамдардың қалауы бойынша неке қиюды мемлекеттік тіркеу себептерін және растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.

Азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 жұмыс күн.

АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды).

Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
  • «Цифрлық үкімет» порталы