Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациялау және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сіз keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- keden.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұрауына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрауына қол қою. «keden.kgd.gov.kz» порталдағы өтінішті қарау мәртебесін қадағалау.
Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық түрдегі мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-тарауына сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер;
2) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін, тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдарының меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;
4) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттың болуын талап етсе, мұндай қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың көшірмесі.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) көрсетілетін қызметті алушының Кеден кодексінің 496 - бабы 1-тармағының мынадай талаптарына сәйкес келмеуі:
- осы тұлғаның мемлекеттік кірістер органына өтініш берілген күнге кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
- осындай қамтамасыз ету енгізілген күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валютаның нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде екі жүз мың еуроға баламалы сомада кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;
- егер мұндай қызмет түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттың болуын талап етсе, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжатының болуы;
- тауарларды тасымалдауға пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдарының меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы;
- Мемлекеттік кірістер органына жүгінген күні кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
Мемлекеттік кірістер органына жүгінген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521523524525526527528529530533534549550555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы; - Мемлекеттік кірістер органына сигнал беру арқылы осы көлік құралының орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін әрбір көлік құралында техникалық жабдықтың болуы;
- электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 баптары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 баптары бойынша кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда өтелмеген соттылықтың болмауы;
2) осы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы;
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:283
