Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 
  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген, көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжаттың 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.
2) Мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

Көру саны:2634

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру

Қызмет алушылар

ҚР азаматтары

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Пациент құжаттарын тапсырған сәттен бастап - 1 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар
  • «Цифрлық үкімет» порталы