Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (егер өзге тәртіп Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленбесе жарамды шетелдік паспорт).

Көрсетілетін қызметті алушы ЖСН түзету бойынша көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (егер өзге тәртіп Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленбесе жарамды шетелдік паспорт).
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) бойынша деректер машинамен оқылатын аймаққа сәйкес толтырылады, ал туған күні, туған жері, азаматтығы және тағы басқалар бойынша көзбен шолып тексеру аймағына сәйкес толтырылады.
Егер шетелдіктің құжатында кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың аудармасының тиісінше нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса беру қажет
  1. Анықтамалық деректерін ауыстыру туралы куәлік.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынған материалдары, қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қол жеткізу шектелген дербес деректеріне рұқсатқа келісімнің болмауы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.

Көру саны:56882

Толық аты

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

1 жұмыс күн

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы