14 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу
14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды.
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысымен бекітілген) тұрғылықты жері бойынша тіркелуге 14 жасқа толған азаматтар жатады.
Қызметті қалай алуға болады
1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
- «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз
- Сұранымның ашық жолдарын толтыру
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз. Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
- Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
- «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз
- Сұранымның ашық жолдарын толтыру
- Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек). Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Жұмыс кестесі:
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:9193
