Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Сіздің тұратын тұрақты жеріңіз консулдық аймаққа кіретін ҚР шет елдегі мекемені таңдаңыз.

4. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу үшін хабарламада көрсетілген күні мен уақытта болу ҚР шет елдегі мекеменің консулдық бөліміне жүгінген жөн.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Сіздің тұратын тұрақты жеріңіз консулдық аймаққа кіретін ҚР шет елдегі мекемені таңдаңыз.

4. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу үшін хабарламада көрсетілген күні мен уақытта болу ҚР шет елдегі мекеменің консулдық бөліміне жүгінген жөн.

Мемлекеттік қызметті көрсету өтінімін тіркеуден бас тарту себептері:

  • Дұрыс таңдалмаған ҚР шет елдегі мекеме.
  • Қате / дұрыс толтырылмаған бағандар.
  • Тіркелген консулдық алымның төленген түбіртектің жоқ болуы.

Ескертпе: Төлем ҚР шет елдегі мекеменің есеп шотына жүргізіледі (деректемелер ҚР-дың шет елдегі мекеменің болу еліндегі сайтында қолжетімді). Төлем туралы түбіртектің көшірмесін сканерден өткізіп pdf немесе jpeg (jpg) форматында тіркеу қажет.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:13943

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Кодекске сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша

Қызмет көрсету уақыты

Жеке тұлғаларға көрсету мерзімі бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң

Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу көрсетілетін қызметті берушіден жіберілген хабарламаны қамауда отырған екінші жұбайы, не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншылық жасаушы алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады

Қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді сот санкциялаған күннен бастап үш жыл өткен соң жариялау туралы қаулысы негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу – 2 жұмыс күні

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 8-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Шет елдердегі мекемелер
  • «Цифрлық үкімет» порталы