Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Сіздің тұратын тұрақты жеріңіз консулдық аймаққа кіретін ҚР шет елдегі мекемені таңдаңыз.

4. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Сіздің тұратын тұрақты жеріңіз консулдық аймаққа кіретін ҚР шет елдегі мекемені таңдаңыз.

4. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

  • Неке қиюды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ неке қиюды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу үшін хабарламада көрсетілген күні мен уақытта болу ҚР шет елдегі мекеменің консулдық бөліміне жүгінген жөн.
  • Өтінімді теріс өңдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

Мемлекеттік қызметті көрсету өтінімін тіркеуден бас тарту себептері:

  • Дұрыс таңдалмаған ҚР шет елдегі мекеме.
  • Қате / дұрыс толтырылмаған бағандар.
  • Тіркелген консулдық алымның төленген түбіртектің жоқ болуы.

Ескертпе: Төлем ҚР шет елдегі мекеменің есеп шотына жүргізіледі (деректемелер ҚР-дың шет елдегі мекеменің болу еліндегі сайтында қолжетімді). Төлем туралы түбіртектің көшірмесін сканерден өткізіп pdf немесе jpeg (jpg) форматында тіркеу қажет.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 3-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті берушіде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабының 5-тармағына сәйкес неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың болуын растайтын дәлелдемелердің болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:2391

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Кодекске сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.

Қызмет көрсету уақыты

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн өткен соң

Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік он бес күннен асырмай ұзартады

Ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Шет елдердегі мекемелер
  • «Цифрлық үкімет» порталы