Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Сіздің тұратын тұрақты жеріңіз консулдық аймаққа кіретін ҚР шет елдегі мекемені таңдаңыз.

4.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу үшін хабарламада көрсетілген күні мен уақытта болу ҚР шет елдегі мекеменің консулдық бөліміне жүгінген жөн.

Бір реттік пароль арқылы:

Мемлекеттік қызметті көрсету өтінімін тіркеуден бас тарту себептері:

  • Дұрыс таңдалмаған ҚР шет елдегі мекеме.
  • Қате / дұрыс толтырылмаған бағандар.
  • Тіркелген консулдық алымның төленген түбіртектің жоқ болуы.

Ескертпе: Төлем ҚР шет елдегі мекеменің есеп шотына жүргізіледі (деректемелер ҚР-дың шет елдегі мекеменің болу еліндегі сайтында қолжетімді). Төлем туралы түбіртектің көшірмесін сканерден өткізіп pdf немесе jpeg (jpg) форматында тіркеу қажет.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Туу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 2-тарауындағы талаптарына сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:1181

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Кодекске сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша 

Қызмет көрсету уақыты

Жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 жұмыс күні

Порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Шет елдердегі мекемелер
  • «Цифрлық үкімет» порталы