Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
-
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен немесе жергілікті атқарушы органнан немесе тапсырыс берушісінен (құрылыс салушысынан) ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
-
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының сканерленген көшірмесі бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың (жергілікті атқарушы органдардың шешімі) электрондық көшірмесі.
-
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, кондоминиум объектісін тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығының түрі және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
3) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
4) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды тіркеуге ұсынған кезде;
5) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде;
6) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
7) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылмаса;
8) егер тіркеу объектісі мұндай құқыққа қатысты ауысу, өзгерту, тоқтату немесе ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу үшін өтініш жасаған кезде;
10) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:1240
