Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.

2. ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.

3. Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.

4. Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1. Шет елдердегі мекемелер мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде - қағаз/электрондық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару туралы белгі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде - Қазақстан Республикасының азаматтарын электрондық түрде есептен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3. Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету кезінде - консулдық есептен шығарылғанын растайтын құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.

Көру саны:1821

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік қызметті беруші арқылы - 2 жұмыс күні

Портал арқылы – 1 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Шет елдердегі мекемелер
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі