Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама
  2. Іске асырылатын жобаның сипаттамасы (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасы, бизнес-жоспар қоса берілген еркін нысанда қалыптастырылады).
  3. Жобаны іске асыру үшін кредит беру (қайта қаржыландыру) мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ-ның хаты.
  4. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы.
  5. Объект туралы ақпарат (таныстырулар, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жоспары, пәтерлердің алаңы және саны), оның ішінде электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.00-гедейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.00-гедейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-гедейін жүзеге асырылады.

Қызмет нәтижесі

Субсидиялау бойынша қабылданған оң шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Анық емес деректер (мәліметтер) ұсыну.
  2. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу.
  3. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.
  4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

Көру саны:149

Толық аты

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

8 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Қаржы орталығы