Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1.Өтініш.

2. Жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің өлшемдері мен нақты бар құрылыс-жайлары көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы.

3. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қызмет нәтижесі

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көру саны:3064

Толық аты

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

15 күнтізбелік күн

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО