Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

 Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жобаланатын жер учаскесі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген кезде:

  • сызықтық объектінің полигонының ауданын көрсете отырып, жобаланатын жер учаскесінің координаттар ведомосін / сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің жоспарын және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының сәйкестігінің жиынтық ведомосін / сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса бере отырып, жобаланатын жер учаскесінің координаттар ведомосін салыстыру актісі.

Жобаланатын учаске жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкес келмеген жағдайда:

  • жобаланатын жер учаскесінің шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын / сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің шекараларының сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын қоса бере отырып, жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акт, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосімен / сызықтық объект полигонының ауданын көрсете отырып, сызықтық объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосімен.

немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көру саны:499

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны 23 параграфқа сәйкес мөлшерде есептеледі

Қызмет көрсету уақыты

7 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетілген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы