Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметті алу үшін сіз www.e-qazyna.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- Өтінімді www.e-qazyna.kz сайтында толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Тіркелу кезінде көрсетілген электронды поштада көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінішіңізді қарау туралы хабарламаны оқыңыз.
Порталдың жұмыс кестесі:
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда.
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде.
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болғанда, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айрылғанда.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:11003
