Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша «Қазреестр» АЖ уәкілетті компаниясының жеке кабинетіне өту.
  2. «Қазреестр» АЖ-ғы уәкілетті компанияның жеке кабинеті арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты тіркеуге өтінім жолдау және оған ЭЦҚ-ға қол қою.
  3. Уәкілетті компанияның жеке кабинеті арқылы «Қазреестр» АЖ-ғы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме алу және оны талап ету орны бойынша ұсыну.
  4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені үлескер «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесіндегі үлескердің жеке кабинеті арқылы ала алады.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру.

Құрметті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар, деректерді (үлескердің ТӘЖ, сонымен қатар үлескерге тиесілі үлесті (пәтер және шарттың нөмірін) толтыру кезінде мұқият болуыңызды сұраймыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
  2. Шарт шарттың үлгі нысанының талаптарына сәйкес келмеген кезде, сондай-ақ тұрғын жайдағы бір үлеске бұрын есепке қойылған шарт болған кезде.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Көру саны:6242

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

3 жұмыс күн