Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша «Қазреестр» АЖ уәкілетті компаниясының жеке кабинетіне өту.
- «Қазреестр» АЖ-ғы уәкілетті компанияның жеке кабинеті арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты тіркеуге өтінім жолдау және оған ЭЦҚ-ға қол қою.
- Уәкілетті компанияның жеке кабинеті арқылы «Қазреестр» АЖ-ғы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме алу және оны талап ету орны бойынша ұсыну.
- Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені үлескер «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесіндегі үлескердің жеке кабинеті арқылы ала алады.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
- Шарт шарттың үлгі нысанының талаптарына сәйкес келмеген кезде, сондай-ақ тұрғын жайдағы бір үлеске бұрын есепке қойылған шарт болған кезде.
- Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:6237
