Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мүдделі адамдардың өтініші бойынша, сондай – ақ, сот шешімі негізінде азаматтық хал актілері жазбасының күші жойылған кезде - азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;
Әкелікті анықтау, бала асырап алу туралы (бастапқы жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтіре отырып), атын, тегін және әкесінің атын өзгерту туралы акт жазбаларының күші жойылған кезде - бастапқы деректері бар туу туралы қайталама куәлік, қажет болған жағдайда туу туралы анықтама;
Некені (ерлі- зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының күші жойылған кезде-тиісті неке қию (ерл- зайыптылық) туралы куәлік;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы.

  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

    Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

Көру саны:262

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Құны Бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.

Қызмет көрсету уақыты

Өтінішті қарау мерзімі - 3 жұмыс күні.

Азаматтық ортақ акт жазбасының күшін жою үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді).

Порталда - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою күнін белгілеу туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
  • Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы