Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру
Қызметті қалай алуға болады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Өтініш
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі.
4. Ішкі істер органның мінездемесі.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі
Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, демалыс және мереке күндерінен басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес.
Мемлекеттік қызмет тұратын мекенжайы бойынша электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, жеделдетілген қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті броньға қою мүмкін.
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:286
