Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 
  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

№ 075/е нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  3. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:4259

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Ақылы негізде, мемлекеттік қызметті көрсету құны Кодекстің 202-бабына сәйкес айқындалады

Кодекстің 78-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес оқуға түсу және жұмысқа орналасу кезінде бекітілген орны бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға - тегін

Қызмет көрсету уақыты

Құжат тапсырылған сәттен бастап 30 минуттан аспайды

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы