ҚР теңізшісінің жеке куәліктерін беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өтiнiш-сауалнама.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат:
  • Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;
  • шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығы мемлекеті берген өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  1. Өтiнiш берушi кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның біліктілік дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады).
  2. Оның еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.
  3. Көрсетілген мемлекеттік қызметті үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Көрсетілген құжаттармен бірге оның көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және капитан мен экипаж мүшелерiн жалдауға құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы.
  2. Кемеде өтiнiш берушiнiң айналысатын қызметi туралы жазу бар теңiзде жүзу кiтапшасы.
  3. Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).

Көрсетілген құжаттармен бірге оның көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Қызмет нәтижесі

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:1409

Толық аты

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

5 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

8 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Порттың теңiз әкiмшiлiгi