Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Электрондық хат - эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) 2-мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) 2-мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қа­жет ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
3) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­да жа­зы­л­ған құ­ра­мы мен маз­мұ­ны­на сәй­кес кел­ме­уі;
4) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) мақ­сат­қа қой­ы­ла­тын та­лап­тар ке­ше­ніне сәй­кес кел­ме­уі;
5) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) негіз­гі па­ра­метр­лер­ге сәй­кес кел­ме­уі;
6) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) объ­ек­ті­ні нақ­ты жер учас­ке­сін­де ор­на­ла­сты­ру­ға сәй­кес кел­ме­уі;
7) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) кө­ше­лер­ді, орам­дар­ды және тұр­ғын алап­тар­ды са­лу­дың сәу­лет-көр­кем­дік ко­ло­ри­сти­ка­сы­на сәй­кес түс ше­ші­міне сәй­кес кел­ме­уі;
8) эс­киз­дің (эс­киз­дік жо­ба­ның) сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік нор­ма­тив­тер­дің та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі.
9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
10) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған, заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
11) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.

Көру саны:3973

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

10 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы