Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және жеке тұлғалар үшін оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат (2 - Нысан)

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру.

  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру.

  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек). 

  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

2. Telegram-бот арқылы

  1. Telegram-бот-пен жұмыс істеу үшін өз телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасында тіркеуіңіз  қажет.  

  2. Telegram мессенджерді өз смартфоныңызға орнатыңыз, «Іздеу» алаңында @EgovKzBot ботының атауын теріңіз және «Бастау»  командасын басыңыз, бұдан әрі мәзірден   «Телефон нөмірін жіберу» дегенді таңдаңыз.   

  3. Бастағаннан кейін көрсетілген команда-батырмалардың  көмегімен бірден көрсетілетін қызметке сұрау салу жіберіңіз. Ол үшін қажетті көрсетілетін қызметті, оның параметрлерін таңдаңыз және  сұрау салуды алынған SMS-код арқылы растаңыз.

  4. Алынған қызметтің нәтижесін мәртебесі «Дайын»  болып өзгергеннен кейін жүктеп алып, қалаған электрондық поштаға жіберуге болады.

SMS-кодты алу мәселелері туындаған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы тиісті ақпарат.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқ

Көру саны:53180

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 минут ішінде көрсетіледі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Цифрлық үкімет» порталы