Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда: осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы Көрсетілетін қызметті берушінің филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш берушінің порталға «жеке кабинетіне» жіберілген электрондық хабарлама.

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде:

өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратқан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттың және (немесе) мәліметтердің ұсынылмауы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;

5) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.

Көру саны:722

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік корпорация, МӘС бөлімшесі арқылы – 8 жұмыс күні

Портал немесе проактивті қызмет арқылы – 4 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
  • Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі