Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – меншік құқығы пайда болуын тіркеу, сенімгерлікпен басқару, рента, көп пәтерлі тұрғын үйді (сервитуттардан өзге) пайдалану (шаруашылық үй-жайлары мен осы секілді объектілер), тұрғын үйлердегі тұрғын үй емес үй-жайлар, түрғын үй емес құрылыстар, тұрғын үй мақстандағы емес мүліктік кешендер құрылысы құқықтарын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы
Қызметті қалай алуға болады
Төлеу тәсілі
- "Онлайн төлеу" батырмасы арқылы өтіңіз.
- "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалын таңдау.
- Ұсынылған төлем тәсілдерінің бірін таңдау (төменде қараңыз).
- Төлем картасының/жеке шоттың мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
- Жеке кабинетте («Төлемдерді төлеу тарихы» тарауында) төлем туралы чекпен танысу және талап етілген жерге ұсыну.
Онлайн төлем тәсілдері
Сізге қолайлылығына қарай төлемді ұсынылған нұсқалардың бірімен жүзеге асыра аласыз.
- Барлық банктердің VISA, VISA Electron, MasterCard, Maestro төлем карталарының көмегімен төлеу, Altyn тек «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ клиенттері үшін.
- Бір шертумен төлеу. VISA, VISA Electron, MasterCard, Maestro карта деректерін қайта енгізусіз тез төлеу.
- «Еуразиялық банк» АҚ Интернет-банкингінде және банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде төлеу.
Ескерту:Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.
* Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 36-б. 1-т. сәйкес салық міндеттемелерін орындауды салық төлеуші дербес орындайды, сол себепті салық және өзге де төлемдерді бюджетке төлеуде аталмыш картаның салық төлеушінің атына ресімделгеніне көз жеткізу қажет.
Порталдың жұмыс кестесі:
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көру саны:58
