Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш.

Ветеринариялық препараттарды, сол бір ветеринариялық препараттың жемшөп қоспаларын, әртүрлі дозалары, концентрациясы немесе көлемі, бірақ бір дәрілік нысаны бар жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының байқаудан өткізуге және тіркеу сынақтарына берілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының барлық көлемдерін, дозаларын немесе концентрацияларын тізімдейтін бір өтініш ұсынады.

  1. Жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің дұрыс еместігі негіз бола алады.

Көру саны:155

Толық аты

Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ақылы 

Қызмет көрсету уақыты

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 2 жылға дейін

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті