Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарға қабылдау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1. Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы.

2. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
2) Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі.
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
 
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) Көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
 
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көру саны:5884

Толық аты

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарға қабылдау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

1. 1 жұмыс күні.

2. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде-20 минут.
көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 3 жұмыс күні.
көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес, Мемлекеттік корпорацияға – 7 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • ҚР Оқу-ағарту министрлігі
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы