Медициналық қызметке лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғаның филиалының осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады.
  2. Лицензиялық алым енгізілмеген.
  3. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
  4. Лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға сондай-ақ рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алды.
  5. Сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.

Көру саны:8476

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Медициналық қызметке лицензия алу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру үшін - 10  АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4  АЕК-дан артық емес

Лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы.

Қызмет көрсету уақыты

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 жұмыс күні
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 жұмыс күні
қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы