Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту

Категорияларға қайту

Қандас мәртебесін беру қызметі қолжетімді.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: қандас мәртебесін беру кезінде – қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен түсіре отырып, жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін береді. migration.enbek.kz порталында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жеке кабинетте көрсетіледі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен кейін 30 жұмыс күні ішінде ресімдейді.

Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:

1) үміткерлердің «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 20-бабы 1) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;

2) өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы қолдаухат беретін этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерлейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуы;

4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын этникалық қазақтың қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;

5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

Көру саны:5407

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегiн

Қызмет көрсету уақыты

Қан­дас мәр­те­бе­сін бе­ру - 30 жұ­мыс кү­ні ішін­де

Қан­дас мәр­те­бе­сін ұзар­ту - 3 жұ­мыс кү­ні ішін­де

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Шет елдердегі мекемелер
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО