Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру. Өтініште жылжымалы құрамның тізімін көрсетіңіз, құқық белгілейтін құжаттардың сканерленген көшірмелерін және техникалық паспорттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз
  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз
  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; жылжымалы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:356

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Жүк, жолаушылар, арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу - ақысыз

Тартқыш, моторвагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу - 0,25 АЕК

Қайта тіркеу - 0,25 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Цифрлық үкімет» порталы