Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Қызметті порталда қалай алуға болады:

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.kezekte.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
  2. Өтінімді www.kezekte.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://www.kezekte.kz

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға:

  1. Нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға электрондық өтінім.
  2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы және (немесе) Бағдарламасы шеңберінде 2 жылдан аспайтын ескіру мерзімі бойынша көрсетілетін қызметті алушының оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақшалай қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды).

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) немесе Веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

 

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көру саны:3814

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

29 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы