І санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

І санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат, І санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты қайта рәсімдеу немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық емес болып табылады;
2) өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтің нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады;

3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:1084

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

І санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Рұқсат беру – 45 жұмыс күнінен аспайды
Рұқсатты қайта ресімдеу – 5 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы