Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Төлем шот-фактурасы көрсетілген электронды мекен-жайға жіберіледі, төлемді жүргізу және чектің скан-көшірмесін жіберушінің мекен-жайына жіберу керек.

ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ұлттық кеңістіктік деректер қоры» филиалы

Заңды мекен-жайы: 050007, Алматы қ., Есенберлин к., 36 үй,

тел: 8 (727) 226-73-05, БИН 201 141 030 619.

Төлем шоты – KZ 546018861000283281.

БИК – HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

КНП – 859, Кбе – 16.

ҚҚС есепке қою туралы куәлік Серия 62001, № 1025320 02.12.2020 ж.

E-mail: nkgf4572@mail.kz, nkgf4572@mail.ru,

Ресми сайт: nkgf.kz.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:

  • таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде (таратылуы шектелген қызметтік ақпарат).


2. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:

  • мәліметтер немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
5) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.

Көру саны:621

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі.

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК