Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензиясы

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Тиісті жылдық кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) сәйкес озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) қызметті алушыға осы қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 32-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес тыйым салынуы;

2) лицензиялық алымның төленбеуі;

3) қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 «Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі №11074, 2015 жылдың 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) біліктілік талаптарына сай келмеуі;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;

6) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313 бабына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін озонды бұзатын заттарды тұтыну квоталарының болмауы;

7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (ақпараттың) сенімсіздігінің анықталуы.

Көру саны:206

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

10 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия беру - 8 жұмыс күнінен кешіктірмей

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы