Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді тіркеу
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Қызметтерді алу үшін «Кеден» Ұлттық интеграцияланған платформасының keden.kgd.gov.kz. сайтына өтіңіз .
- keden.kgd.gov.kz сайтына тіркеліңіз. «Қамтамасыз ету» сервисінің электрондық өтінішіндегі қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен өтінішке қол қойыңыз.
- Экспорттық-импорттық операциялар үшін «Кеден» ҰИП сайтындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануында: төленуі ақша енгізу арқылы қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, Кодекстің 98-бабы 4-тармағының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген төлем құжатымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе.
2. Банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
- берілген банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Азаматтық кодексі пен банктік заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
- төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 99-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, банк кепілдігімен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
- банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген банк кепілдігін берген екінші деңгейдегі банк, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса.
3. Кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
- ұсынылған кепілгерлік шарты Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе;
- кепілгерлік шартына ұсынылған банк кепілдігін қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің 99-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
- кепілгерлік шартына ұсынылған мүлік кепілі шарты Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген мүлік кепілі шартын жасасу талаптарына сәйкес келмесе;
- кепілгерлік шартына ұсынылған сақтандыру шартын қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің 102-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
- кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етпесе;
- төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының үшінші бөлігі ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе.
4. Мүлік кепілін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
- мүлік кепілі шарты Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе;
- кепілге берілетін мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болмауға тиіс;
- мүлік кепілі шарты Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
- Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған кезінде;
5. Сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында: ұсынылған сақтандыру шарты "Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 295 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16661 болып тіркелген) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе немесе ұсынылған сақтандыру шарты Азаматтық кодексте бекітілген талабына сәйкес келмеген жағдайда:
- төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 102-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
- сақтандыру шарты Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
- сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:276
