Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).

2. keden.kgd.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз

Көрсетілетін қызмет алушының мынадай талартарға сәйкес келмеуі:

  1. Үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болуға, бұл ретте жалдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап алты айдан кем болмауға тиіс.
  2. Орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы болуға, ал арнайы сақтау орындарына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға.
  3. Аумақ Кодекстің 404-бабына сәйкес белгіленуге тиіс.
  4. Техникалық жағынан жарамды кіреберіс жолдардың, сондай-ақ қатты төсемі (бетон, асфальт, резеңке не өзге де қатты төсемі) бар тауарларды жете тексеруге арналған орындары, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдары болуға.
  5. Тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдардын) қоса алғанда, аумақ бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және өз тауарларын сақтау қоймасының бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.

Тексеру жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына Кодекстің 165-бабының 3-тармағында айқындалған талаптардың орындалғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті берушіде қалатын Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру актісіне қоса беріледі.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім, хабарламамен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) осы Қағиданың 1-қосымшасында, Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
2) көрсетілетін қызмет алушының мынадай талартарға сәйкес келмеуі:

  • үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болуға, бұл ретте жалдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап алты айдан кем болмауға тиіс;
  • орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы болуға, ал арнайы сақтау орындарына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға;
  • аумақ Кодекстің 404-бабына сәйкес белгіленуге тиіс;
  • техникалық жағынан жарамды кіреберіс жолдардың, сондай-ақ қатты төсемі (бетон, асфальт, резеңке не өзге де қатты төсемі) бар тауарларды жете тексеруге арналған орындары, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдары болуға;
  • тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдардын) қоса алғанда, аумақ бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және өз тауарларын сақтау қоймасының бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.

3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:420

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде

Қызметті тоқтата тұру – 3 жұмыс күні ішінде

Қызметті қайта бастау – 3 жұмыс күні ішінде

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімнен шығару – 3 жұмыс күні ішінде

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) – 3 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • Импорттық - экспорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасы біріңғай терезесі