Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациялау және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сіз keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- keden.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұрауына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрауына қол қою. «keden.kgd.gov.kz» порталдағы өтінішті қарау мәртебесін қадағалау.
Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық түрдегі мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-тарауына сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер;
2) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін, тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдарының меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;
4) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттың болуын талап етсе, мұндай қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың көшірмесі.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) осы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мынадай талаптарға сәйкес келмеуі:
- бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған құрылыс жайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы және мынадай талаптарға сәйкес келетін:
- сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс;
бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы;
- көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
- кеден органына жүгінген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
- тауарларды Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын Кодекстің 525-бабы 1-тармағына сәйкем сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы; - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312 баптары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 баптары бойынша Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда өтелмеген соттылықтың болмауы егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылыс жайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылыс жайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалмаған болса;
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:154
