Тауарларды кедендік тазарту
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2. «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі» сайтына өту.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады:
1) кедендік декларация кедендік декларацияларды тіркеуге құқығы жоқ көрсетілетін қызметті берушіге берілсе;
2) кедендік декларацияны уәкілетті емес тұлға берсе және (немесе) оған қол қойылмаса не тиісті түрде куәландырылмаса;
3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаса;
4) кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған болса;
5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) қағаз жеткізгіштегі электрондық кедендік декларацияның немесе кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмесе;
6) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды не Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаса;
7) Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаса;
8) Кодекстің 188189-баптарында айқындалған, кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде сақталуға тиіс тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері сақталмаса;
9) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру жағдайларын, Кодекстің 80-бабына сәйкес кедендік алымдар төленбейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбеген жағдайларда.
2. Кодекстің 201-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларды шығару кезінде жүргізетін шарттардың, оның ішінде Кодекстің 194195196 және 197-баптарында көзделген шарттардың, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындамауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарын орындамау;
3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталуы;
4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сақталмауы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыда кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болуы;
5) Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша тауарды көрсетпеу;
6) Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімін жаңартпау;
7) Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды орындамау;
8) жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген тауарларды Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызбау;
9) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларына кедендік бақылау жүргізу кезінде:
- әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау үшін негіз болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған;
- анықталған бұзушылықтар жойылған және декларацияланатын тауарлар алынбаған және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынбаған;
- көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) кедендік және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:1911
