Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Қызметті алу үшін keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелу қажет.
- Авторизациядан кейін «Кеден» ААЖ негізгі мәзірінен «Жүйеге кіру» батырмасын басу арқылы қолжетімді модульдерді көруге болады.
- «Алдын ала шешімдер» модулін таңдап, «Тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау туралы» өтінішті жасау қажет.
- Сайттағы барлық қажетті жолдарды толтырып, сұранысты ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою қажет.
- Өтініштің қаралу мәртебесін «keden.kgd.gov.kz» порталындағы жеке кабинеттен қадағалауға болады.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы
Жиі қойылатын сұрақтар
1) Егер қосымша ақпарат осы Тізбенің 8-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаса не ұсынылған қосымша ақпарат тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтымаса, көрсетілетін қызметті беруші тауарды сыныптау туралы осындай алдын ала шешім қабылдаудан бас тартады және бұл туралы бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні хабардар етеді. Бұл ретте өтінім беруші тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлеген кедендік алым қайтарылмайд;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:1474
