Жердің кадастрлық құнын бағалау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Барлық міндетті өрістерді толтырыңыз

4. Мемлекеттік бажды төлеу

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Барлық міндетті өрістерді толтырыңыз

4. Мемлекеттік бажды төлеу

5. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.

  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көру саны:5100

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3 және 1.3.4-тармақтарына сәйкес мөлшерде есептеледі.

Мемлекеттік институт көрсететін қызметтер 2, 3 және 4-тармақтарға  сәйкес мөлшерде есептеледі.

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік қызметті көрсетудің автоматтандырылған процесі кезінде портал арқылы елді мекеннің белгіленген, өзекті шекаралары және бағалау аймақтары, ЖМБЖ АЖ-да жер учаскесінің өзекті шекаралары болған кезде елді мекендер жерлерінде орналасқан жер учаскелері бойынша – 30 минут ішінде.

Елді мекеннің белгіленген, өзекті шекаралары және бағалау аймақтары және ЖБМЖ АЖ-да жер учаскесінің өзекті шекаралары болмаған кезде елді мекендер жерлерінде орналасқан жер учаскелері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы және портал арқылы – 3 жұмыс күні.

Елді мекендер жерлерінде орналасқан ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын айқындаған жағдайда – 3 жұмыс күні ішінде.

Елді мекендер жерлерін қоспағанда жер учаскелері бойынша Мемлекеттік институт арқылы – 3 жұмыс күні ішінде.

Зерттеп-қарау кезеңінің мәліметтері ескірген немесе зерттеу кезеңінің деректері ескірген немесе мемлекеттік институтта топырақ, геоботаникалық зерттеп-қарау және топырақты бонитерлеу бойынша архив материалдары болмаған жағдайда – 5 жұмыс күн ішінде.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны