Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

 

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған жағдайда.

3. Лицензиялық алым енгізілмеуі.

4. Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

5. Өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні қажетті ескертулерді түзеткеннен кейін қайта өтінім беру құқығынан айырмайды.

Көру саны:2023

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру - 6 АЕК

Қайта рәсімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 АЕК көп емес

Лицензияға қосымшалар берген кезде лицензиялық алым алынбайды

Қызмет көрсету уақыты

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны 5 жұмыс күні ішінде беріледі:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және әзірлеу - 3 жұмыс күні.

Лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда заңды тұлға-лицензиатты қайта құру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 5 жұмыс күні:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні.

Лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растау қажет болмаған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 3 жұмыс күн:
лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
қайта рәсімдеу - 1 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы